Футболшы 4 минутта үш гол соғып, рекорд орнатты
Норвегиялық шабуылшысы Брайан Лисебо Йохансен осылайша ұтылып жатқан командасына жеңіс әкелді.
Норвегияның үшінші дивизиондық клубы «Фрама» «Мадла» командасынан 2:0 есебімен жеңіліп жатты. Бірақ ойынның 92 минутында ешкім күтпеген жағдай орын алды. Қосымша уақытта «Фраманың» шабуылшысы небәрі 255 секунд ішінде хет-трик жасап үлгерді. Бұл футбол тарихындағы матчтың ең соңғы минуттарында соғылған хет-трик деп танылып отыр.
Дереккөз: Tengri Sport
Видео: X/Norsk Ligafotball
Фото: sportilinet.kz