Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкеріне автокөлік сыйға тартылды

⚽ Спорт
27.11.2023
Просмотров: 113

Магомед Адиевке жаңа бизнес-класс көлігінің кілтін Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов табыстады.

Адиевтің айтуынша, ол бұл сыйлыққа толықтай лайықпын деп санамайды.

«Өйткені жаттықтырушы және команда ретінде біз жанкүйерлер алдында қалаған нәтижеге қол жеткізе алмадық»,

– деп жазды Адиев әлеуметтік желіде. Десе де, қазақстандықтардың Ұлттар лигасының матчтары арқылы әлі де Еуро-2024-ке өтеді деген үміт бар. «Мен және менің әріптестерім мақсатымызға жету және футболдан Еуропа чемпионатына қатысу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», — деді Адиев.

Дереккөз: Спутник

Фото: sport-express.ru

Метки: Футбол

Так же вам может быть интересно