Еуро-2022: Футзалдан Қазақстан құрамасы чемпионатты тең есеппен бастады

⚽ Спорт
21.01.2022
Просмотров: 197

Нидерландта өтіп жатқан турнирде біздің спортшылар Словения құрамасымен алғашқы кездесу өткізді.

Бірінші тайм қазақстандық футзалшылар үшін сәтсіз бастады. 10-минутта словениялықтар ашық қақпаны дәл көздеді. Одан кейін қазақстандық Альберт Ақбалықов «қызыл» қағазбен алаңнан қуылды. Алайда біздің футзалшылар таразы басын теңестіре алды. Нәтижесінде тартысты матч 4:4 есебімен аяқталды. Енді Қазақстан құрамасы 25 қаңтар күні Финляндиямен ойнайды.

Так же вам может быть интересно