Елена Рыбакина қаламақысы жоғары әлемдегі ТОП-10 спортшының қатарына енді
24 жастағы қазақстандық теннисші $9,5 млн табысымен жетінші орында жайғасты. Оның ішінде қаламақы сомасы $6 млн-ды құрады.
Жалпы рейтингке бірден жеті теннисші кірді. Рыбакинаның басты қарсыласы белоруссиялық Арина Соболенко одан бір сатыға жоғары тұр, оның жалпы табысы $12,2 млн-ды құрады. Бірінші орынды $22,7 млн табысымен 19 жастағы америкалық теннисші Кори Гауфф иеленді.
- Кори Гауфф (АҚШ, 19 жаста) – $ 22,7 млн ($ 6,7 млн жарыстардағы сыйақы)
2. Ига Щвёнтек (Польша, 22 жаста) – $ 21,9 млн ($ 9,9 млн жарыстардағы сыйақы)
3. (сноуборд) Эйлин Гу (Қытай, 20 жаста) – $ 20 млн ($ 27 мың жарыстардағы сыйақы)
4. Эмма Радукану (Ұлыбритания, 21 жаста) – $ 16,2 млн ($ 238 мың жарыстардағы сыйақы)
5. Наоми Осака (Жапония, 26 жаста) – $ 15 млн (жарыстардағы сыйақы – 0)
6. Арина Соболенко (Беларусь, 25 жаста) – $ 12,2 млн ($ 8,2 млн жарыстардағы сыйақы)
7. Елена Рыбакина (Қазақстан, 24 жаста) – $ 9,5 млн ($ 6 млн жарыстардағы сыйақы)
8. Джессика Пегула (АҚШ, 29 жаста) – $ 9 млн ($ 6 млн жарыстардағы сыйақы)
9. Симона Байлз, (спорттық гимнастика) (АҚШ, 26 жаста) – $ 8,5 млн (жарыстардағы сыйақы – 0)
10. Нелли Корда, гольф (АҚШ, 25 жаста) – $ 7,9 млн ($ 1,4 млн жарыстардағы сыйақы)
Дереккөз: Sportico
Фото: ktf.kz