Елена Рыбакина Forbes рейтингінің ТОП ондығына кірді
Ең жоғары ақы төленетін спортшлыра тізімінде қазақстандық теннисші 9,5 миллион табысымен тоғызыншы орынды иеленді.
Рейтингте әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентек көш бастады. Ол жыл қорытындысы бойынша 24 миллион доллар табыс тапқан. Топ үштікке қытайлық фристайлшы Гу Айлин мен америалық теннисші Кори Гауфф кірді. Еленаның қарсыласы белорусиялық Арина Соболенко алтыншы орында жайғасты.
- Ига Швентек (Польша, теннис) – 23,9 млн доллар (кортта 9,9 млн табыс тапқан + корттан тыс 14 млн);
- Гу Айлин (Қытай, фристайл) – 22,1 млн (0,1 млн + 22 млн);
- Кори Гауфф (АҚШ, теннис) – 21,7 млн (6,7 млн + 15 млн);
- Эмма Радукану (Ұлыбритания, теннис) – 15,2 млн (0,2 млн + 15 млн);
- Наоми Осака (Жапония, теннис) – 15 млн (маусым бойы ойнаған жоқ, тек корттан тыс табыстар);
- Арина Соболенко (Беларусь, теннис) – 14,7 млн (8,2 млн + 6,5 млн);
- Джессика Пегула (АҚШ, теннис) – 12,5 млн (6 млн + 6,5 млн);
- Винус Уильямс (АҚШ, теннис) – 12,2 млн (0,2 млн + 12 млн);
- Елена Рыбакина (Қазақстан, теннис) – 9,5 млн (5,5 млн + 4 млн);
- Лейла Фернандес (Канада, теннис) – 8,8 млн (1,8 млн + 7 млн).
Дереккөз: Казинформ
Фото: Қазақстан теннис федерациясы