Дубайдағы беделді бәйгеде қазақстандық тұлпар жеңіске жетті

⚽ Спорт
15.01.2024
Просмотров: 181

Спорттық іс-шара Дубайдағы Мейдан ипподромында өтті.

2000 метрге жарысқа 13 жылқы қатысты. Шабандоз Пэт Доббс мінген Кабирхан есімді тұлпар мәре сызығын бірінші болып кесті. Қазақстандық сәйгүліктің жанкүйерлері жеңіске жеткен видеоны әлеуметтік желілерге жариялады.

«Қазақстандық Кабирхан жылқысы Дубайда өткен бәйгеден әлемдік турнирде алғаш рет жеңіске жетті. Бұл — сенсация»,

— деп жазды видео авторы. Сәйгүлік екі апта демалыстан кейін, Al Maktoum Challenge екінші кезеңіне қатысады.

Дереккөз: Қазақпарат 

Фото: Instagram/@racingdubai

Так же вам может быть интересно