«Дүниежүзі аруы» байқауында дауыс беру басталды

🇰🇿 Новости Казахстана
20.04.2021
Просмотров: 113
камилла серикбай

Әлемдегі ең ірі сұлулық байқауында Қазақстан намысын 18 жастағы «Қызылорда аруы» Камилла Серікбай қорғайды.

Камиллаға қолдау көрсету үшін Miss Universe қосымшасын жүктеу керек. Дауыс беру 15 мамырға дейін жалғасады. Алғашқы дауыс беру тегін. «Дүниежүзі аруы» байқауы былтыр пандемияға байланысты кейінге қалдырылды. Биыл ол оффлайн форматта 16 мамырда Флорида штатындағы Холливуд қаласында өтеді. Камилла Серікбай Сүлеймен Демирель атындағы университетте «қолданбалы құқық» маманы бойынша білім алып жатыр. Ару каратеден спорт шеберлігіне кандидат және болашақта БҰҰ-ның ізгі ниет елшісі болуды армандайды.

камилла серикбай3
Камилла Серикбай
камилла серикбай4
Камилла Серикбай

Так же вам может быть интересно