Бүгін Димаш Құдайберген мен Пласидо Доминго дуэтінің тұсаукесері өтеді

🎼 Музыка
19.01.2024
Просмотров: 150

Қос жұлдыз дуэтінің тұсаукесері 19 қаңтар күні Будапештте Virtuosos V4+ халықаралық жобасының финалы барысында өтпек.

«ХХ ғасырдың айтқысыз дауыс иесі Пласидо Домингомен бірлескен өнеріміздің тұсаукесері өтеді, біз Жорж Бизенің 1863 жылғы «The pearl Fishers» операсынан дуэт орындадық»,

— деп жазды Димаш Инстаграм парақшасында. Айта кетсек, Димаш Құдайберген биыл алғаш рет Virtuosos V4+ байқауының төрешілер құрамына кірді. Ал Пласидо Доминго  бұл байқауда халықаралық қазылар алқасының төрағасы.

Фото: Instagram/@kudaibergenov.dimash

Так же вам может быть интересно