BTS тобы рекорд орнатудан рекордсмен атанатын шығар: Музыканттар бірден үш Гиннесс жетістігіне қол жеткізді

🎼 Музыка
28.05.2021
Просмотров: 102
butter

Олардың  21 мамырда шыққан Butter әні бірден үш рекорд орнатты.

YouTube-те жүктелген сәтте видеоны бір мезетте 3,9 миллион адам қараған. Осылайша музыканттар өздерінің рекордын жаңартты. Кезінде «Dynamite» әнін бір сәтте үш миллион адам қараған еді. Сонымен қатар, «Butter» алғашқы 24 сағатта 108 миллион рет қаралған. Бұл да рекорд. Оған қоса, сингл Spotify-да пайда болған сәттен бастап, 11 миллионнан астам рет тыңдалып, жүктелген. Осылайша, BTS тобы Эд Ширан мен Джастин Биберді басып озды.

Дереккөз: РИА Новости

Так же вам может быть интересно