Британияда 230 мың теңгеге атқорада түнеу ұсынылып отыр
Ерекше қонақүй жылқы фермасында ашылды.
Турист үйреншікті бөлмеде емес, кішкентай шетландтық понидің жанында жайғасады. Абырой болғанда, төсек орны сабан үстінде емес — атқорада кереует бар. Ал бір түннің құны – 350 фунт, шамамен 230 мың теңге.
Дереккөз: Metro