Болашақ жар іздеуден шаршаған америкалық жігіт өзін билбордта жарнамалап жүр

⌚ Lifestyle
21.10.2024
Просмотров: 133

30 жастағы Мохамед Ибрахим екі жыл ішінде неше түрлі танысу қосымшаларын қолданып, айына кем дегенде бір рет кездесуге барып тұрған. Бірақ ғажайып кездесу болған жоқ, ешқайсысы көңілімнен шықпады, дейді талғампаз жігіт.

Енді Мохамед билбордта «Маған әйел табуға көмектесіңдер» деген жарнама орналастырып, онда «Мен әлемдегі ең жақсы жігіт болғаннан шаршадым, сенің жігітің болғым келеді», деген жазба қалдырды. Сондай-ақ, findmohamedawife.com деген сайт ашып, онда қыздарға арналған сауалнама жүктеді. Нәзік жанды үміткерлерге қойылатын талаптар: 20 мен 30 жас аралығындағы, сұлу және отбасылық құндылықтарды ұстанатын қыз. Аз уақыттың ішінде 1000 мыңнан астам ару өтініш қалдырып үлгерді.

Дереккөз: New York Post 

Так же вам может быть интересно