Бірікекен Араб Әмірлігінің шейхы Түркістанда еуропалық үлгідегі перзентхана салып береді

Абу-Дабидің тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян атындағы 80 орындық «Ана мен бала орталығының» құрылысы келесі жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.
Жобаны Түркістан облысы әкімдігі мен Абу-Даби даму қоры бірлесіп жүзеге асырып жатыр. Ғимараттың жалпы ауданы 8 мың шаршы метр, жер аумағы — 33 000 шаршы метр болмақ. Айта кетейік, Түркістан облысы бала туу деңгейі бойынша республикада көш бастап тұр. Былтыр өңірде 61 мыңнан астам сәби дүниеге келді. Еске салсақ, жақында 22 жастағы Түркістан тұрғыны үшемді дүниеге әкеліп, көп балалы ана атанды.

Дереккөз: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі