22 жастағы Түркістан тұрғыны бес баланың анасы атанды

Гүлмира Мирзаева үш қыз босанды. Жаңа туған нәрестелерге Фотима, Зухра және Хадиса есімдері берілді.
Мерзімінен ерте туылған балалрдың салмағы 2200, 2300, 1980 граммды құрады. Бұған дейін 2 баласы бар жас отбасында осылайша енді бес перзенті бар. Айта кетейік, Түркістан облысы бала туу деңгейі бойынша республикада көш бастап тұр. Былтыр өңірде 61 мыңнан астам сәби дүниеге келді.

Дереккөз: Қазақпарат