Бір киімді екі рет кигізбейді: АҚШ тұрғыны екі итінің гардеробына 8 млн теңгеден аса ақша жұмсаған
46 жастағы Шелия Одден сүйікті үй жануарларына 600-ден астам киім алып берген.
Бес жасар Сэмми мен төрт жасар Мэддидің көптеген сәнді көйлектері, бас киімдері мен банттары бар. Бір киімнің құны $85 (37 мың теңгеге) дейін баруы мүмкін. Жалпы Шелия иттерінің гардеробына $19 мың жұмсаған және де оларға бір киімді екі рет киюіне жол бермейді.
Дереккөз: Mirror