Louis Vuitton бинокль пішіндес сөмке шығарды: бағасы 4,5 млн теңге
Бұзау терісінен жасалған аксессуарға тек ұсақ-түйекті сыйдыруға болады — телефон, несие карталары сияқты заттар.
«Дүрбінің» «линзаларында» LV монограммасы басылған. Сөмкенің бағасы – 8600 доллар (шамамен 4,5 млн теңге). Айта кетсек, 2021 жылы Louis Vuitton $39 мың тұратын ұшақ пішіндес сөмке шығарған болатын. Сондай-ақ, былтыр LV монограммасы бар микрометрмен өлшенетін кішкентай сөмке 63 мың долларға сатылды. Ал қытайлық әйел Louis Vuitton бутигіндегі тәкаппар сатушылардан кек алды.