Билли Айлиштің жаңа альбомы шықты

🎼 Музыка
30.07.2021
Просмотров: 102

19 жастағы әншінің «Happier Then Ever» атты туындысы 30 шілдеде жарық көрді.

Ағасы Финнеаспен бірлесіп жазған альбомға 16 композиция кірді. Оның ішінде «My future», «Lost cause», «Your power», «NDA» және «Therefore I am» әндері бар.

«Менің екінші альбомым жарық көрді. Бұл менің музыкалық мансабымдағы ең маңызды және қуанышқа толы тәжірибе болды. Мен альбомдағы әрбір әнді сүйетінім сонша, оларды тыңдармандарға ұсынудан қорқып отырмын. Оны жазу барысында өсіп, өз-өзімді тани білдім»,

— деп жазды Айлиш өз Инстаграмында.

Айта кетейік, альбом шықпай жатып рекорд орнатты. Apple Music-те оған алдын ала тапсырысты миллионнан астам қолданушы беріп қойған.

Так же вам может быть интересно