Астанадан Бурабайға жаңа туристік пойыз қатынайды: билеттің бағасы 2,5 мың теңге

✈️ Путешествия
12.12.2024
Просмотров: 45

Брендтелген пойыз 13 желтоқсанда салтанатты түрд іске қосылады.

Вагондар ыңғайлы саяхатқа қажетті дүниемен жабдықталған: заманауи кондиционер жүйесі, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орындар. Пойыз Нұрлы Жол станциялары мен Бурабай курорты арасында тоқтаусыз жүретін болады. Жол жүру уақыты 2 сағат 26 минутты құрайды. Билет құны: Нұрлы Жол станциясынан — 2770 теңге, Астана станциясынан — 2548 теңге. Пойыздың тағы бір ерекшелігі — эксклюзивті аудио тур. Сапар барысында жолаушылар Астана мен Бурабайдың тарихы, мәдениеті мен табиғи байлығы туралы қызықты фактілерді біле алады.

Дереккөз: Астана әкімдігінің сайты 

Так же вам может быть интересно