Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 89 мемлекеттен 2,5 мыңға жуық спортшы бақ сынайды

⚽ Спорт
25.06.2024
Просмотров: 437

Ойындар 21 спорт түрінен өткізіледі.

Жартысы ұлттық спорт түрлері болса, қалғаны — түркітілдес елдердің ұлттық ойындары, деп хабарлайды Қазақпарат. Жүлдеге келетін болсақ, көкпар мен көк бөріден жеңімпаз команда 10 млн теңге, екінші орын алған команда 6 млн теңге, үшінші орын үшін 4 млн теңге алады. Жеке спорт түрлерінде алтын медаль иегерлеріне 500 мың теңгеден үлестірілсе, екінші орын 300 мың теңгені иеленеді. Қола жүлдегер 200 мың теңге алады. Еске салсақ, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары биыл 8-13 қыркүйек аралығында Астанада өтеді.

Дереккөз: Қазақпарат 

Фото: 365info

 

Так же вам может быть интересно