Астанада дайын құжаттарды беретін постаматтар іске қосылды

Дайын құжаттарды беретін постаматтар Керей және Жәнібек хандар көшесінде орналасқан жаңадан ашылғаг Халыққа қызмет көрсету орталығында орнатылған.
Постаматтар тәулік бойы жұмыс істейді. Бұл жұмыстан кеш босайтын азаматтар үшін өте ыңғайлы. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрі Бағдат Мусин әлуметтік желілердегі парақшаларында жазды.
Жана ХҚКО-да сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсету, бейнеөкабиналар және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жеке бұрыштар бар.