Ақтау түркі әлемінің мәдени астанасы болады

🇰🇿 Новости Казахстана
19.10.2023
Просмотров: 279

Маңызды шешім Әзербайжанның Шуша қаласында өткен Түркісой мүше мемлекеттердің мәдениет министрлері бас қосқан жиында қабылданды. Бұл туралы Қазақстанның халықаралық Түркісой ұйымындағы өкілі Бақытжан Омаров мәлім етті.

Қазақстаннан бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан, Солтүстік Кипр және Түркия өздерін ұсынған еді. Бірақ көпшілік дауыспен Ақтау 2025 жылдың түркі әлемінің мәдени астанасы атанды. Түркі әлемінің театр фестивалі, суретшілер басқосуы, яғни түркі әлеміне қатысты мәдени шаралардың барлығы Ақтау қаласында өтетін болды.

Дереккөз: Kazinform

Фото: OrexCA

Метки: Актау

Так же вам может быть интересно