АҚШ-та иттерге арналған әлемдегі алғашқы әуе компания пайда болды

⌚ Lifestyle
16.04.2024
Просмотров: 164

Bark Air-дің чартерлік рейстері тек иттер мен олардың иелерін тасымалдауға арналған. Әзірге ұшақ Нью-Йорктен Лос-Анджелеске және Лондонға қатынайды. Ішкі рейске бір бағытта билет құны 6 мың доллар, трансконтиненталдық рейс үшін 8 мың доллар. Ұшақ бортында жануарларға көрпе мен жастық, тәттілер, ойын алаңы, шуды басатын құлаққаптар және тыныштандыратын кеудешелер ұсынылады. Алғашқы рейстер мамырда іске қосылады.

Дереккөз: USA Today

Так же вам может быть интересно