АҚШ-та 12 жыл бұрын жоғалып кеткен ит иесіне оралды

🌐 В мире
22.02.2022
Просмотров: 108

Калифорния полициясы жолда біреу машинадан  итті шығарып тастап кеткені туралы хабар алған.

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары жануардың микрочипін сканерден өткізген. Осылайша иттің аты Зои және ол сонау 2010 жылы жоғалып кеткенін анықтаған. Полиция микрочип шығаратын компанияға хабарласып, Зоиның иесінің телефон нөмірін сұраған. Көп жыл бұрын жоғалып кеткен итінің табылғанын білген Мишель есімді әйел қатты таңғалған. Енді ол кәрі әрі сырқат Зоины өз қамқорлығына алмақшы.

Дереккөз: BBC

Метки: АҚШ

Так же вам может быть интересно