Америкалық биохакерлер жұбы 150 жасқа дейін өмір сүрмекші
33 жастағы Кайла Барнес-Лентц пен 36 жастағы Уоррен Лентц өте қатаң режим ұстанады.
Олардың күні таң атпай басталады. Таңғы асқа тек өздері өсірген органикалық тағамды қолданады. Содан кейін күн сәулесін алу үшін далада біраз жүріп келеді. Келесі кезең — гипербарикалық оттегі камерасында отыру және күнделікті зақымданған жасушаларды қалпына келтіретін NanoVi құрылғысын пайдалану. Кешкі ас 5:30-да. Одан кейін тауға серуендеу мен сауна. Күнделікті ұйықтайтын уақыт – сағат кешкі тоғыз. Уақытты алдау мүмкін бе? Уоррен мен Кайла бұған сенімді.
Дереккөз: New York Post