Алматылық студенттер Франциядағы халықаралық чемпионатында үздік атанды

🇰🇿 Новости Казахстана
17.09.2024
Просмотров: 277

Лион қаласында өткен 47-ші WorldSkills әлем чемпионатында қазақстандық колледж студенттері 7 медальон жеңіп алды. Ұлттық құрама мұндай нәтижеге тарихта алғаш рет қол жеткізіп отыр.

Жұмысшы мамандықтар бәсекесінде біздің еліміздің намысын 32 қатысушы және 30 халықаралық сарапшы қорғады. Біздің студенттер «Веб-технологиялар», «Сән технологиясы», Қонақ үй ресепшионисті» сынды номинацияларда үздік атанды. WorldSkills Lyon — 2024 халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатына 69 елден 1500-ге жуық колледж студенті қатысты, деп хабарлайды Спутник.

Фото; Pixabay

Так же вам может быть интересно