Алматылық Қапшағайда мұз үстінде суретке түсіп, халықаралық байқауда жүлдеге ие болды

🇰🇿 Новости Казахстана
09.09.2021
Просмотров: 219

Александр Власюк есімді фотограф Drone Awards 2021 халықаралық аэрография байқауында екінші орын алды.

Сурет биыл ақпанда түсірілген. Минус 10 градус суыққа қарамастан Власюк құрбысымен бірге шомылу маусымын ашты. Дронға түсірілген фотода олар мұздың үстінде жалғыз шомылу киімімен жатыр.

Гран-при иегері — Норвегияға көктемнің орнына қыста ұшып келген құстарды түсіріп алған фотограф Терье Колаас
«Үздік қалалық фото» санатында Сергей Полетаев жеңімпаз атанды. Суретте Мәскеу маңындағы электростанция мен 500- жылдық монастырь бейнеленген
«Жабайы табиғат» санатында Оман жағалауындағы жасыл тасбақаның суреті жеңді. Фотоның авторы — Касим Аль-Фарси
«Үздік спорт фотосы» номинациясындағы жеңімпаз Фил де Гланвиль Австралиядағы серфер мен керемет кемпірқосақты түсірген
«Үздік абстрактты фото». Георг Поп Румыниядағы өзеннің суретін түсіріп алды
«Үйлену тойы» санатының жеңімпазы. Маттео Ориджиналеның Италияда түсірген керемет кадры
«Табиғат» номинациясының жеңімпазы — Мартин Санчас. Суретте Исландиядағы жанартау бейнеленген

Дереккөз: Tengritravel 

 

Так же вам может быть интересно