Алматыға биыл келген туристердің саны 2 миллионға жақындады
2024 жылдың тоғыз айында ару қаламызға 1, 7 млн турист келген. Оның ішінде 500 мыңнан астамы — шетелдік туристер. Негізінен Ресей, Үндістан, Қытай, Түркия, Германия, АҚШ азаматтары.
Туристік саланың белсенді дамуы инвестициялардың өсуімен қатар жүрді. Биыл инфрақұрылымды жақсартуға, жаңа объектілерді құруға және сервис сапасын арттыруға 86,6 млрд теңге жұмсалған. Алдағы үш жылда туризмнен күтілетін экономикалық тиімділік – 285 млн долларды құрап отыр. Еске салсақ, Катарда өткен туристік көрмеде Алматы ең үздік туристік бағыт деп танылды.
Дернеккөз: Қазақпарат
Фото: Unsplash