Әділхан Ержанов Швецияда өткен кинофестивальде «Үздік режиссер» атанды

🎬 Кино
19.10.2021
Просмотров: 122

Оның «Сары мысық» картинасы  Стокгольмде өткен Hope International Film Festival кинофестивалінде «Үздік режиссер» санатында жеңімпаз атанды. 

Сонымен қатар,Әділхан Ержановтың кинокартинасы италиялық Верона мен бельгиялық Брюггеде өткен екі кинофестивальде де «үздік фильм» номинациясында марапатталды. «Сары мысықта» қазақстандық Бонни мен Клайдтың оқиғасы баяндалады. Жас Кермек түрмеден шыққаннан кейін туған қаласына оралып, онда қылмыстық топ билік жүргізіп жатқанын көреді. Ал сүйіктісі Ева жаман жолға түскен. Жігіттің арманы — сүйіктісімен бірге бұл қиындықтан өтіп, кинотеатр салу.

Дереккөз: Tengrinews 

Так же вам может быть интересно