2023 жылы қазақстандықтар қалай демалады?

Келе жатқан жылы аптасына 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін 245 жұмыс күні мен 120 демалыс күні болады.
2023 жылы ең көп демалыс күндері қаңтар мен наурызға түсіп тұр — 12 күн.
Ең ұзақ демалыс күндері:
-Қаңтарда 3 күн — 1, 2 және 3 қаңтар;
-Наурызда 3 күн — 21, 22 және 23 наурыз;
-Сәуір мен мамырда Қазақстан халқының бірлігі күніне 3 күн — 29, 30 сәуір және 1 мамыр, сондай-ақ Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне 4 күн — 6, 7, 8 және 9 мамыр;
-шілдеде жұмыс күні сенбіге ауыстырылатындықтан 4 күн демалыс болады — 6, 7, 8 және 9 шілде;
-желтоқсанда Тәуелсіздік күніне 3 күн — 16, 17 және 18 желтоқсан, өйткені 16 сенбіге сәйкес келеді.
2023 жылы Рождество мерекесіне қосымша демалыс берілмейді, өйткені ол сенбі — 7 қаңтарға сәйкес келеді. Құрбан айт 2023 жылы 28 маусым, сәрсенбіге келеді.
Дереккөз: kaz.tengrinews
Фото: Pexels