Гай Риччидің жаңа фильмі шығады: трейлер миллиондаған қаралым жинап жатыр

🎬 Кино
31.01.2024
Просмотров: 116

Режиссердің жаңа туындысы «Джентльмендік емес істер министрлігі» деп аталады.

Оқиға 1939 жылы орын алады. Британия премьері Уинстон Черчилль үкіметке нацистік Германияға қарсы диверсия ұйымдастыру мақсатымен арнайы жауынгерлер отрядын құруды тапсырады. Фильм жазушы Дэмиен Льюистің «Джентельмендік емес соғыс министрлігі: Черчилльдің құпия жауынгерлері Еуропаны қалай өртеп жіберді және заманауи көлеңкелі операциялардың негізі қалай қаланды» атты кітабына негізделген. Басты рольдерді «Ведьмак» фильмінде ойнаған Генри Кавилл мен Эйса Гонсалес сомдады. Бірнеше сағаттың ішінде трейлер үш миллионнан астам қаралым жинап үлгерді.

Так же вам может быть интересно