Ғалымдар Жерден тыс тіршіліктің бар-жоғын 5-10 жылда анықтамақшы

🔬 Наука и технологии
20.04.2021
Просмотров: 149
внеземная жизнь2

Ғылыми жетістікке жетуге Джеймс Уэбб телескопы көмектеседі.

Оны биыл күзде іске қосу жоспарланған. Тәжірибе кезінде телескоп тіршілік белгілерін үш күннің ішінде анықтай алатыны белгілі болды. Ғалымдар жеті мини-нептунды компьютерлік симуляция арқылы бақылаған. Телескоп онда аммиактың белгілерін іздеген. Себебі, бұл химиялық қосынды тіршіліктің болу мүмкіндігін арттырады. Ғалымдар ең алдымен Күн жүйесіне жатпайтын карликті планеталарды зерттемекші. Олар Жерден үлкен және гравитация күші мықты болғандықтан айналасында атмосфераны ұстап тұра алады. Сондықтан онда тіршіліктің болуы әбден мүмкін.

телескоп уэбба
Джеймс Уэбб телескопы

Так же вам может быть интересно