Испанияда жас тұрғындарға ата-анасынан бөлек шығу үшін несие төленеді
Бағдарламаға 18 жас пен 35 жас аралығындағы табысы төмен ел тұрғындары қатыса алады.
Жас испаниялықтарға екі жыл бойы ай сайын 250 еуро (шамамен 110 мың теңге) төленіп тұрады. Ел билігі мұндай қадамға баруының себебі Испанияда пәтерді жалға алу қымбатқа түседі: айына 800-1000 еуро (350 мың-435 мың теңге). Сондықтан 22 жастан 29 жасқа дейінгі испаниялықтар, ал бұл ел тұрғындарының жартысынан көп адам, ата-аналарымен бірге тұруға мәжбүр.
Дереккөз: Reuters