«Әлем ханымы-2021» байқауына екі бірдей қазақстандық қатысатын болды
31 жастағы Нұр-Сұлтан тұрғыны және екі баланың анасы Алтынай Мейман «Каспий теңізі ханымы» титулын жеңіп алып, енді Қазақстан намысын «Әлем ханымы-2021» байқауында қорғайтын болады.
Алтынай 2008 жылы «Қазақстан аруы» байқауына қатысқан. Қазір ол шешендік өнер, атқа мінуді меңгеріп, қайырымдылықпен айналысады. Сондай-ақ Қазақстан атынан бұрыңғы «Астана аруы», 27 жастағы Айгерім Әбдібекова шығады. Байқау 2022 жылдың 17 мен 26-сы ақпан аралығында Сеулде өтеді. Еске салайық, былтыр «Әлем ханымы» атағын әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдукәрімова жеңіп алды.
Дереккөз: Tengrinews