Тик Ток тренді: Нью-Йоркте strawberro атты десерт танымал болды
Құлпынай, шоколад және фисташка кремынен жасалған тәтті 13 мың теңге тұрады.
Strawberro-ны тек Манхэттендегі Брайант паркта орналасқан дүңгіршектен сатып алуға болады. «25 доллар тұратын Дубай шоколадында» құлпынай, бельгиялық шоколад, Италиядан әкелінген пісте кремі және катаифи қытырлағы бар. Ашылғанына екі апта өтпей-ақ, жаңа десерт хитке айналды. Енді қала тұрғындары осы тәттінің дәмін татып көру үшін суыққа қарамастан кезекте екі сағат тұруға дайын.
Дереккөз: New York Post