Тағы бір мемлекет төрт күндік жұмыс аптасына көшті
Исландияда 2020-2021 жылдары тестік режимде 50% тұрғынды төрт күндік жұмыс аптасына көшірді. Ал енді бұл ел ресми түрде төрт күндік жұмыс аптасына көшіп отыр.
Белгілі болғандай, Исландиядағы еңбек өнімділігі төмендемеген, тіпті өскен, ал жұмыссыздық Еуропа елдері арасында ең төменгі деңгейге жетті. Оған қоса, жұмысшылардың жалпы әл-ауқаты жақсарды, стресс деңгейінің төмендеуі байқалған, жұмыс пен жеке өмір арасында үйлесімділікке қол жеткізілді. Айта кетсек, жалақы сол деңгейде қалды, жұмыс сағатының азаюы оған әсер еткен жоқ.
Дереккөқз: CNN
Фото: Pixabay