«Үйге дейін шығарып сал»: Ұлыбританияда жалғыз басты әйелдерге арналған мобильді қосымша пайда болды

🌐 В мире
11.10.2021
Просмотров: 64

Британиялық телефон қызметінің инженерлері ойлап тапқан қызмет «Мені үйге дейін шығарып сал» деп аталады. Қосымшаны далада жалғыз жүруге қауіпті деп тапқан сәтте қосуға болады.

Алдымен қолданушы мобильді қосымшаға баратын мекен-жайы туралы ақпарат енгізеді. Содан кейін, GPS қосылып, жолға кететін уақытты есептейді. Егер сол уақыт ішінде қолданушы баратын жеріне жетпесе, және телефонға жауап бермесе, бұл туралы полицияға хабар беріледі. Мобильді қосымшамен қатар, 888 телефон нөміріне хабарлама жазып, қызметті іске қосуға болады.

Дереккөз: BBC 

Так же вам может быть интересно