Хат жазысып тұрған құрбылар 60 жылдан кейін кездесті
Эмили Конн мен Бренда Стоу 10 жаста болғанда хат алмаса бастады. Бұл мектеп тапсырмасы болатын. Мұғалім осылайша оқушылар грамматиканы игеріп алады деп ұйғарған.
Содан бері қыздар қарым-қатынастарын үзбеген. Бірақ әр-түрлі штатта тұратын құрбылар ешқашан кездеспеген. Ал жақында Эмилинің қызы анасына тосын сый жасады – Бренданы қонаққа шақырды. Құрбылардың алғашқы кездесу видеосы барлығын тәнті етіп, әлеуметтік желілерде 400 мың қаралым жинады.
Дереккөз: Today.com