Алматы облысының жастары үшін жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама іске қосылады
«Алатау жастары» бағдарламасына 35 жастан аспаған Қазақстан азаматтары қатыса алады.
Бағдарламаға қатысушының және отбасы мүшелерінің соңғы 5 жылда Қазақстана аумағында жылжымайтын мүлік болмауы керек.
Бағдарлама шарттары:
-несие сомасы 18 миллион теңгеден аспайды;
-бастапқы жарна – 10%;
-қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі – 6%;
-несиелендіру мерзімі – 19 жыл.
Бағдарламаға кімдер қатыса алады? Өтініш беру кезінде 35 жастан аспаған; ҚР азаматтығы бар; бағдарламаға қатысушының және отбасы мүшелерінің соңғы 5 жылда ҚР аумағында жылжымайтын мүлік болмауы керек; ҚР аумағында сатып алу құқығы мен жалға берілетін тұрғын үйдің болмауы; Алматы облысында таңдалған қызмет саласында ресми жұмыс өтілі – 1 жылдан кем емес болуы (зейнетақы жарналарымен расталған); бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады. Өтініштер қазанның 1-15 аралығында қабылданады. Жұмыс уақыты: 10:00-18:00 дейін. Құжаттарды Қонаев қаласы 1-шағын аудан №41, Бәйтерек БО, 1-қабат, акт залында тапсыруға болады.
Дереккөз: Nur.kz
Фото: Pixabay