АҚШ тұрғындары супермаркеттерде балалар тауарларының ішіне аналарға арналған ақша салып жүр

🕶 Тренды
26.09.2024
Просмотров: 103

Бұл Тик Токтағы жаңа тренд. Оны бастаған Денеша Гонсалес есімді әйел.

Жақында ол дүкенге барғанда, балалар тауарлары тұрған сөреден басқа бөлімнен әкелінген әмиян тауып алған. Денеша бұл ананың өзіне әмиян сатып алудың орнына баласына қажетті зат алғанын түсінген. Әйел бұл оқиға туралы видео түсіріп, «Ол бұл әмиянға әбден лайық» деген жазба қалдырды. Видео 22 миллион қаралым жинады! Енді Тик Ток қолданушылары жаппай дүкендер сөрелерінде ақша қалдыруда. Мысалы Сесилия есімді әйел «Өзіңе сыйлық сатып ал», деп 100 доллар қалдырды.

Видео: Tik Tok/@denaeshagonzalez

Так же вам может быть интересно