Астанадағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты өтті

⚽ Спорт
09.09.2024
Просмотров: 125

 Шоуға 3000-ға жуық өнерпаз қатысты. Салтанатты іс-шарада Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген ән шырқады.

Астанада 8-13 қыркүйек аралығында өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына әлемнің 89 елінен 2,5 мыңға жуық қатысушы тіркелді. Сайысқа қатысатын ең қашық мемлекет – Австралия, сондай-ақ, америкалық ковбойлар, Венесуэла, Ирландия, Гамбиядан да келген қатысушылар бар! Қазақстан құрамасынан сайысқа 261 спортшы қатысады. Көшпенділер ойындарында 21 спорт түрі бойынша 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Дереккөз: Қазақпарат

Фото: dimashnews

Так же вам может быть интересно