35 жастағы ер адам жасөспірім тәрізді көрінеді: оның құпиясы неде?
Брэндон Мэй есімді жазушыға 15, әрі кетсе 19 жас беруге болады.
Ер адамның айтуынша, жас келбеттің құпиясы — алькогольден бас тарту, күн сәулесінен қорғану, көңіл-күйдің көтеріңкі болуы және шамадан тыс спортпен айналыспау, тек қана жеңіл дене шынықтыру. Оған қоса, жігіт күнделікті рационына үлкен назар аударады: жігіт 19 жасынан қанттан бас тартқан, ол балық жеп, жасыл шәй ішеді. Айта кетсек, соңғы уақытта биохакинг, яғни биологиялық процесстерді бағындырып, қартаюды кейінге қалдыру кеңінен танымал болды. Мысалы, миллиардер биохакер Брайан Джонсон туған күнін 19 айда бір рет атап өтеді.
Дереккеөз: Oddity Central