Ғалымдар әлемдегі ең жалғыз өсімдікке «жұп» іздеуде
Энцефаляртос Вуда сонау динозаврлар дәуірінде пайда болған. Оның табиғатта сақталған жалғыз үлгісі 1895 жылы Оңтүстік Африкада табылған.
Содан бері мамандар өсімдіктің сабақтары мен өркендерін алып, ботаникалық бақтарда өсіріп келеді. Қазіргі замандағы өсімдіктің барлық үлгілері осы аталық Энцефаляртустан тараған. Ол өздігінен көбейе алмай отыр. Сондықтан ғалымдар жалғыз басты өсімдікке «қалыңдық» іздеп жүр. Миссия өте маңызды, Энцефаляртустың бағасы жүздеген долларға жетеді, ал ол бар ғимараттар дабыл жүйесімен қорғалады.
Дереккөз: Techinsider