Қазақстан мен Марокко арасында визасыз режим енгізілмек
Екі ел арасындағы визалық талаптардан босату туралы келісім жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланды.
Құжатқа сәйкес бір тарап мемлекетінің азаматтары екінші тарап мемлекетінің аумағына келу, кету, транзитпен өту, уақытша жүріп-тұру үшін виза талаптарынан босатылады. Осылайша қазақстандықтар әр 180 күн сайын Мароккода 30 күн бойы визасыз жүре алады. Келісім 25 маусымға дейін қоғамдық талқыға шығарылып отыр.
Дереккөз: Қазақпарат
Фото: Pixabay