Көк пияз қосылған кофе қытайлықтардың сүйікті сусынына айналды
TikTok және Instragram-да #springonionlatte (көк пиязды латте) хэштегімен фото мен видео жетерлік.
Бұл ерекше сусынды жасау үшін алдымен кеседе бірнеше көк пиязды езіп, содан кейін мұз, сүт және кофе қосып, соңында көп мөлшерде туралған көк пиязды қосу керек. Қытайда бір-бірімен сәйкес келмейтін тағамдарды қолдану дәстүрге айналып кетті. Мысалы, бірнеше ай бұрын Қытайда ыстық мұзды чили латте танымал болған еді.
Дереккөз: Oddity Central