Қазақстандық модель Forbes London мұқабасына шықты
Беделді журналдың пікірінше, Зарина Ева заманауи әйелді бейнелейтін көрнекті тұлға.
Қазақстандық модель, инфлюэнесер жағымды жаңалықпен өз Инстаграмында бөлісті. Заринаның айтуынша, Forbes онымен күтпеген жағдайда байланысып, өз мұқабасына шығаруға шешім қабылдады. Басылымда қазақстандық арудың сән және кино саласында әлемдік деңгейдегі атақты екендігі және оның өмірбаяны өте шабыттандырғанын айтқан. Айта кетсек, Тараз тумасы Damiani, Chopard, Balmain тәрізді танымал брендтермен жұмыс істейді.
Фото: Instagram/@zarinayeva