Германияда екі жасар суретші картиналарын 3 млн теңгеге сатуда
Лоран Шварцтың өнерге деген сүйіспеншілігі алғаш рет отбасылық демалыс кезінде байқалды. Бала далада ойнаудың орнына курорттағы сурет салу бөлмесінен шықпай қойды.
Үйге оралған ата-анасы кішкентай Пикассоға студия әзірлеп берді. Қолына түрлі түсті бояу түскеннен кейін Лоран студияны абстрактты картиналармен толтырды. Бір қарағанда түсініксіз болып көрінетін суреттерден әр түрлі жануарлардың бейнелерін байқауға болады, мысалы баланың сүйікті жануары пілді. Картиналар 7 мың долларға сатылып жатыр.
Дереккөз: New York Post