Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының спорттық сайыстары ресми түрде бекітілді

⚽ Спорт
07.02.2024
Просмотров: 145

Туризм және Спорт министрлігі мәлім еткендей, 8-14 қыркүйек аралығында өтетін спорттық додаға спорттың 20 түрінен ең мықты қатысушылар келеді. 

Атап айтсақ,  асық ату, ордо, арқан тартыс, бәйге, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, қазақ күресі, алыш, кураш, ашыртмалы аба гюреши, ссирым, мас-рестлинг, Powerfull nomad (күштілердің сайысы), тоғызқұмалақ, мангала, овари, дәстүрлі садақ ату, жамбы ату, құсбегіліктен сайыстар өтеді. Көшпенділер ойындарының салтанатты ашылу рәсімі «Астана Арена» стадионында өтеді.

Айта кетейік, Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары – этникалық, дәстүрлі спорт түрлері бойынша өтетін халықаралық жарыс. 2014, 2016 және 2018 жылдары Қырғызстанның Шолпан Ата қаласында өтсе, 2022 жылы Түркияның Изник шаһарында төртінші Дүниежүзілік ойындар ұйымдастырылды.

Дереккөз: Қазақпарат 

Фото: 365 info

Так же вам может быть интересно