Қазақстандық жас теннисші әлемдік рейтингіде рекордтық көрсеткішке қол жеткізді
16 жастағы Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында ITF Juniors рейтингісінде 16-орынға көтерілді.
Бұдан бұрын Қазақстан теннисі түлектерінен ешкім әлемдік рейтингіде мұндай биікке көтерілген емес, деп хабарлайды Казақпарат. Еске салсақ, Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатының ширек финалына дейін жеткен еді. Australian Open-нан бұрын Қарағанды теннис мектебінің түлегі рейтингіде 27 орында болды.
Фото: ktf.kz