Швейцария тарихтағы ең арзан Олимпиаданы өткізбекші
Ойындарды ұйымдастыруға мемлекет билігі $1,8 млрд жұмсамақшы. Швейцария Олимпиаданы 2030 немесе 2034 жылы өткізуге өтінім беруді жоспарлап отыр.
Шараға кететін шығынды азайту үшін ұйымдастырушылар жаңа спорт нысандарын салудан бас тартады. Бұл ретте байқауды нақты бір өңірде емес, бүкіл мемлеетте өткізу ұсынылып отыр. Сонымен қатар, олимпиадалық қалашық құрудың қажеті болмайды – спортшылар бұрыннан бар қонақүйлерге орналастырылады. Салыстыра кетсек, Сочидегі Олимпиаданы өткізу үшін $50 млрд жұмсалды.
Источник: Swissinfo
Фото: Eurosport