Алматы маңындағы жаңа қала Дубай мен Сингапур үлгісімен бизнес-хабқа айналады
Алатау қаласының дамуы Қытай және Орталық Азия елдерімен сауда және инвестициялық қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік береді.
Іле ауданы Жетіген ауылын Алатау қаласына айналдыру туралы шешімді облыстық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдаған болатын. Ауыл Алматыдан солтүстікке қарай 47 шақырымдай жерде орналасқан. Бүгінде мұнда 25 мың адам тұрады.
Дереккөз: 24.kz