Ғалымдар ақ түстің әлемдегі ең ағын жасап шығарды
АҚШ-тағы Пердью университетінің мамандарының бояуы жарықтың 98,1%-ын шағылыстырады екен.
Бір жыл бұрын олар 95,5% жарықты шағылыстыратын бояу шығарған еді. Бұл бояудың салқындату қасиетін арттырады. Америкалық ғалымдардың айтуынша, қазір нарықтағы ақ бояулардың «ультрашағылыстыратын» түрлерінің өзі жарықтың күшін 80%-90%-дан артық қайтара алмайды. Жаңа бояу барий сульфатының жоғары концентратынан тұрады. Тәжірибе кезінде боялған жер қоршаған ортаның температурасынан 4,5 градусқа төмендеген. Жаңа бояу нарыққа екі жыл ішінде шығуы мүмкін.